Шымкент • 16 Қараша, 2023

Қайта түлеген Фосфоршылар сарайы

114 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көп жылдан бері қараусыз қалып, әбден тозығы жеткен бұрынғы Фосфоршылар мәдениет үйі енді Жастар сарайы ретінде халыққа қызмет етеді. Қуанышты хабарды Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков әлеуметтік желідегі жеке парақшасында жариялады.

Қайта түлеген Фосфоршылар сарайы

Шаһар басшысының айтуынша, жергілікті әкім­дік қалалық прокуратурамен бірге, сондай-ақ мемлекеттік мүлік және же­кешелендіру депар­та­ментінің көмегімен мә­дениет үйін мегаполистің ком­муналдық меншігіне қайтару жөнінде арнайы жоспар дайындаған. Сөй­тіп, биыл 13 қарашада Фос­форшылар мәдениет үйін коммуналдық мен­шікке қайтару бойынша келісімге қол жеткізген.

Сонымен ескі мәдениет үйі кешенді Жас­тар сарайына айналады. Алдағы уақытта ғима­рат бастан-аяқ күрделі жөн­деуден өтіп, айналасы абат­тан­ды­рылып, мегаполисте тағы бір жастарға арнал­ған мәдениет ошағы бой кө­теретін болады.

Өз кезегінде Фос­фор­шылар сарайы қала­ның ең көрікті нысандарының біріне айналатынына және халық игілігіне қызмет ете­тініне сенімдімін», деді шаһар басшысы әлеуметтік желіде жазған жазбасында.

Жалпы, бірнеше жыл қараусыз қалған, ме­га­по­листің шешім күткен бас­ты мәселесінің бірі болған Фос­форшылар мә­дениет үйі бүгінге дейін «Дархан групп» се­ріктестігінің мен­­шігінде болып келді.

 

ШЫМКЕНТ