«Astana TV» арнасының жазуынша, «9-20-25» бағдарламасы әлі жоспарланып жатыр.
«Біз банктік облигацияларды шығаруды жоспарлап отырмыз. Арнайы жас отбасыларға арналған бағдарлама жасау қызық болар еді деп ойлаймыз. «Бақытты отбасы»мемлекеттік бағдарламасы бар. Оған көпбалалы отбасылар, мүгедектігі барларды тәрбиелеп отырған отбасылар, 1-2 топтағы мүгедектер және жетім балалар қатысады. Кейінгі уақытта жас отбасылар бір балалы екенін, бәрін басынан бастап жатқанын, бірақ баспанасы жоқ екенін, мемлекеттік қызметкер емес екенін, осы санатқа тұра алмайтынын жиі айтып жатады», деп түсіндірді Ләззат Ибрагимова.
Бұл ретте ол ақша нарықтан тартылатындықтан, ондағы мөлшерлеме жоғары болуы мүмкін екенін атап өтті.
«Біз оны жоспарлап жатырмыз. Барлық шарттары, мүмкіндіктері мен тетіктері 2024 жылы нақты белгілі болады. Бұл бағдарлама әлі басталған жоқ, лимиті де жоқ. Бұл бағдарлама біздің жоспарымызда тұр. Есептеп жатырмыз», деп түйіндеді «Отбасы банк» басшысы.
Сондай-ақ бүгін «Отбасы банкі» 20 миллионыншы болып дүниеге келген еліміздің 5 тұрғынына 2 миллион теңгеден беретінін жазған едік.