Аймақтар • 15 Қараша, 2023

Қостанайлық дін мамандары біліктілікті шыңдау семинарына қатысты

103 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

6-7 қараша күндері Қостанай қаласындағы «City Kostanay» бизнес орталығында дін мәселері бойынша білікті мамандарды дайындауға бағытталған іс-шара өтті, деп жазады Egemen.kz.

Қостанайлық дін мамандары біліктілікті шыңдау семинарына қатысты

Тренингке «Дін зерттеу орталығының» мамандары,  мектеп және колледж психологтары, облыстық АТТ мүшелері және тағы басқалар қатысты. Жиында дін мәселелері бойынша түсіндіру тобының мүшелері – психология маманы Шакимова Лола Сергеевна, «Әлеуметтану» ғылымдарының кандидаты Жақиянов Талғат Жәрдемқұлұлы, дінтанушы Мырзаев Балғабек Әбдіқайымұлы және нейролингвистикалық бағдарламалау маманы, психолог Сейтқали Мирзада Шахманұлы дәріс оқыды.

Шакимова Лола Сергеевна «Применение основ профайлинга для выявления группы риска в молодежной среде» тақырыбымен қатысушыларға жастар арасындағы тәуекел топтарын анықтау үшін профайлинг техникасын, яғни, қылмыс жасауға дайын тұрған тұлғаның сыртқы келбетіне, мимикасына, жүріс-тұрысына қарап қалай анықтауға болатынын түсіндірді. Сондай-ақ «Методы изучения личности, применяемые в психокоррекционной работе с адептами ДРТ» тақырыбында қатысушыларға психокоррекциялық жұмыста қолданылатын тұлғаны зерттеу әдістерін үйретті.

Жақиянов Талғат Жәрдемқұлұлы «Зайырлылық қоғамдық келісім мен тұрақтылықтың негізі ретінде» тақырыбында жалпы теориялық ақпарат беріп, қатысушылармен жұмыс істеді. Сондай-ақ «Қазақстандағы діни ахуал: негізгі мәселелер мен тендициялар» тақырыбымен Қазақстандағы діни жағдайларды түсіндіре отыра, оған қатысты күрделі сұрақтарға жауап беру әдістерін үйретті.

Мырзаев Балғабек Әбдіқайымұлы «Қазақстан Республикасындағы радикалдық және экстремистік бағыттағы діни ағымдар және олардың белсенділігі туралы» тақырыбы аясында тыңдаушыларға деструктивті діни ағымдардың қоғамға қаупі, неке және отбасы институтына, адам денсаулығына қатері туралы айтып өтті. Сондай-ақ «Зайырлылық және оның діни бірлестіктермен қарым-қатынасының негізгі принциптері» тақырыбында зайырлылық, зайырлы мемлекет: ұғымы, мәні, сипаты, зайырлы әдеп негіздері туралы сөз қозғады.

 

мпп

Сейтқали Мирзада Шахманұлы «Болезни ЭГО и пути их излечения» тақырыбында мамандарға психологиялық денсаулықты сақтап, психикалық этикалық принциптерге сүйене отырып жұмыс істеу әдістерін түсіндірді. Келесі кезекте, «Влияние детских травм на жизнедеятельность личности» тақырыбында семинар оқып, терроризм мен экстремизмді туғызатын психологиялық аспекттер, оған ілінетін адамдардың сипаттамасы, және психологиялық түп-тамырын анықтау әдістерін атап өтті. Дәріскер қатысушыларға адамдармен жұмыс істеу кезінде стрессті жеңілдетуге бағытталған тренинг өткізді.

Сонымен қатар семинарлар мен тренингтер барысында қатысушылар тарапынан дәріскерлерге сұрақтар қойылып, тұжырымды жауаптар алынды.

аа