Қоғам • 15 Қараша, 2023

Бала құқықтары халықаралық деңгейде қорғалады

135 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәжіліс «Бала құқықтары туралы конвенцияға хабарлар рәсіміне қатысты факультативтік хаттаманы ратификациялау туралы» заңды қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бала құқықтары халықаралық деңгейде қорғалады

«Енді балалар немесе олардың заңды өкілдері БҰҰ-ның Бала құқықтары жөніндегі комитетіне өз құқықтарының бұзылуы туралы тікелей шағым бере алады. Бірақ комитетке жүгіну үшін алдымен Қазақстандағы құқық қорғау органдарына шағымдану қажет. Яғни, өз елімде құқығым қорғалмады деген жағдайда ғана халықаралық деңгейде арыздануға болады. Ал комитет өз кезегінде әрбір істі қарап, ұсыным ретінде ғана шешім шығара алады», делінген хабарламада.

Құжат Қазақстанның бала құқықтарын қамтамасыз етуге және балаларды құқықтық қорғау деңгейін арттыруға ықпал етеді.