Сенат • 14 Қараша, 2023

Сенат ақпараттық қауіпсіздікті талқылады

122 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің депутаттары кеңейтілген отырыста ақпараттық қауіпсіздік, ақпараттандыру және цифрлық активтер мәселелеріне қатысты заңды талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сенат ақпараттық қауіпсіздікті талқылады

Фото: А.Байжұманов

«Заң Әкімшілік құқық бұзушылық туралы, Кәсіпкерлік, Еңбек және Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекстерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының он заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді. Қаралып жатқан түзетулермен уәкілетті орган ретінде Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнаманың сақталуын мемлекеттік бақылау жөніндегі қосымша функция беру жоспарланып» отырғаны жазылған ақпаратта. Депутаттар талқылаған заңды палатаның қарауына жіберу қажет деп шешті.