Денсаулық • 13 Қараша, 2023

Қант диабетіне шалдыққандарға көмек

153 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Елімізде бірінші және екінші типтегі қант диабетімен ауыратын 400 мыңнан аса пациент болса, осы қатарға жыл сайын 18 мыңнан 30 мыңға дейін науқас қосылады екен. Қант диабетіне шалдыққандар тек елде ғана емес әлемде көбейіп барады. Бетін аулақ, кейбір деректерде 2045 жылға қарай әлемде 783 млн пациенттен осы кесел анықталады деген болжам бар. Қант диабетімен күрес күні қарсаңында өткен баспасөз мәслихатында тақырыпқа қатысты көптеген мағлұматқа қанықтық.

Қант диабетіне шалдыққандарға көмек

Жиында Денсаулық сақтау министр­лігінің медициналық кө­мек­ті ұйымдастыру депар­та­мен­тіне қарасты басқарманың басшысы Гүлнар Мақсұтова министр­ліктен көрсетіліп жатқан қолдаулар жа­йында айтты.

– Жыл сайын 14 қарашада Қант диабетімен күрес күні аталып өтеді. Осы күнде қант диабетін емдеудің әдістері мен алдын алу шаралары туралы ұсыныс-пікірлер айтылады. Қант диабеті – елде әлеуметтік маңы­зы бар аурулардың қата­рында. Сондықтан па­циен­ттер міндетті әлеуметтік меди­ци­на­лық сақтандыру шеңберінде тегін емделе алады. Еліміздегі клини­ка­лық хаттамалар қант диабетін зерттеу бойынша жетекші кәсіби ғылыми қауымдастықтардың стан­­дарттарына сәйкес келеді. Сонымен қатар үнемі қайта қара­­лып, жаңарады. Мемлекет қант диабетімен өмір сүретін адам­дарға қолдау көрсетеді және пациенттерді барынша дәрі­лік заттармен, қажетті еммен тегін қамтамасыз етеді. Тегін емделетін пациенттерге сенімді дәлелді базасы бар препа­раттардың барлығы дерлік қол­жетімді, сондай-ақ олар жалпы сақтандыру аясында диагностикалық скринингтен өтеді, – дейді Г.Мақсұтова.

Күнделікті тіршіліктің қамы­мен жүрген тұрғындардың едәуір бөлігі өзінің қант диабетімен ауы­ратынын бірден біле бермейді екен. IDF деректері бойынша 2021 жылы елде 808 мың адам қант диабетімен алысып өмір сүрген. Оның ішінде 320 мыңға жуық отандық диаг­ноз қойылмаған қант диабетіне шалдығыпты. Конференция барысында Денсаулық сақтау министр­лігінің штаттан тыс бала­лар эндокринологі Гүлми­ра­ Әбдуахасова диабеттің тара­луы­ның негізгі себептері жайын­да айтып берді. Себебі қант диабе­тімен ауырған науқастар жыл­дан-жылға көбейіп, балалардан да жиі анықталатын болған. Ден­саулық сақтау министрлігінің дерегі бо­йынша былтыр елімізде 5 447 бала аурудың осы түрі бо­йынша есепте тұрған.

Диабеттік ата-аналар коми­те­ті­нің президенті Руслан Зәкиев ко­­ми­теттің атқарып жатқан жұ­мы­сы туралы әңгімеледі. Негізі ко­­митет пациенттерге күтім көр­­сету сапасын, олардың өмір сүру сапасын жақсарту мақ­са­тын­да қант диабетімен ауы­ра­­тын науқастарды ақпарат­тан­ды­­ру­­мен, қорғаумен айналысады. Осы­дан соң «Ново Нордиск Ка­зах­­­стан» ЖШС бас директоры Ра­на Азфар Зафар қант диабе­ті­мен күресте компанияның қолға ал­­ған міндеттері жөнінде баян­дады.

– Компания қант диабетімен күресте үздіксіз медициналық білім беру бойынша жобаларды іске асырады. Ғылыми зерттеуге көңіл бөледі. Қант диабетімен өмір сүретін адамдар үшін терапияның инновациялық әдістерін пайдалана оты­рып шешімдер ұсынады. Соны­мен қатар ересектер мен балаларға арнал­ған қант диабеті туралы ақ­па­рат­тық материалдардың басын құру­ға бастамашы болып келеді. Ком­пания биыл және келер жылы ха­лықты қант диабеті жөнінде ақпа­рат­тандыру бойынша жұмысты жалғас­ты­рады, – деді компания басшысы.

Конференция соңында тараптар қант диабетіне шалдыққан пациенттерді емдеуде үздік нәтижеге қол жеткізу үшін күш біріктірудің маңызын атап өтті.