Медицина • 14 Қараша, 2023

Тәжірибе шыңдайтын алаң

156 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада Денсаулық сақтау министр­лі­гінің қолда­уымен «Қазақстанның рес­пи­­­ра­торлық медицинасы: көз­қа­рас­тар­­­­­­мен шешімдердің эволюциясы» атты II Ұлт­­тық респираторлық медицина конгресі өтті. Онда респираторлық медицинаны дамыту келешегі талқыланды.

Тәжірибе шыңдайтын алаң

Конгреске пульмонолог, фтизиатр, торакальды хирург, аллерголог, реаниматолог, кардиолог, эндокринолог, педиатр, терапевт, т.б. тәжірибелі дәрігер мамандар қатысты. Саланың білгір мамандары өкпенің интерстициальды ауруларын, бронх демікпесін емдеудің заманауи тәсілдерін, ауыр демікпені, тыныс алу органдарының онкологиялық ауруларын емдеудің заманауи әдістерімен қоса тағы бірнеше мәселені қарастырды. Себебі конгресс респираторлық медицина саласындағы өңірлердің бас мамандарымен өзекті мәселелерді талқылауға, елдегі пульмонологиялық қызметтің және онымен байланысты бағыттардың жұмысын қорытындылауға арналды.

Бұл іс-шараның өтуіне Астана медици­на­ университетінің ұжымы бір кісідей үлес қос­ты. Университеттің жетекші мамандары пуль­мо­но­ло­гиядағы озық білім беру технологиялары мен инновациялық ғылыми бағыттарды оқу құрал­да­рына енгізуден кенде қалған емес. Пульмонология бойынша резидентура бағдарламасы университетте 2011 жылдан бастап іске асып келеді. Бұл бағытты 100-ден аса резидент игерген. Осы күні өткен дөңгелек үстел барысында жетекші отандық және шетелдік мамандар, Еуропалық Респираторлық қоғамның өкіл­дері қатысты. Сондай-ақ конгресте респиратор­лық медицина саласында қолданылатын дәрілік зат­тар, медициналық бұйымдар мен жаб­дықтар жөнін­де постерлік сессия, көрме ұйымдастырылды.