Инновация • 13 Қараша, 2023

Инновациялық емдеу әдістері

159 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Жуырда Денсаулық сақтау министрлігі мен «Johnson & Johnson» компаниясы өзара түсіністік пен ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойды. Бұл туралы «Джонсон & Джонсон» компаниясының Ресейдегі және ТМД елдеріндегі фармацевтикалық бөлімшесі, «Янссен» директоры Катерина Погодина хабарлады.

Инновациялық емдеу әдістері

Меморандум аясында тараптар еліміздегі онкологиялық, гематологиялық, психикалық, АИТВ, аутоиммундық аурулар сияқты әлеуметтік маңызы бар ауруларды емдеуді жетілдіру бо­йынша бірлесіп жұмыс істеу­ге ниетті. Бұл бағыттағы басым­дық медициналық қызмет көр­сету сапасын арттыруға және па­циенттерді сапалы, тиімді дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуге бағытталады. Осыған қоса тараптар әлеуметтік маңызы бар аурулардың заманауи терапиясы мәселелерінде денсаулық сақтау мамандарының білім деңгейін арттыру үшін ғылыми білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және пациенттердің инновациялық те­рапияға қолжетімдігін жақ­сартуға назар аударады.
«Янссен» компаниясы на­рықта 10 жылдан бері медицина қауымдастығын иммундық-медициналық аурулар, онкология, гематология, орфандық ауру­лар, психиатриялық және жұқ­палы аурулар (АИТВ) сияқты әлеу­мет­тік маңызды және созыл­ма­лы ауруларды емдеу үшін қа­жетті инновациялық терапиямен қамтамасыз етеді. Компания елде жұмыс істей бастаған тұстан беріге дейін оның перепараттарымен 250 мыңнан аса науқас емделген. Қазір мемлекеттік ерікті медициналық көмек аясында және міндетті медициналық сақтандыру жүйесінде 30 мыңға жуық пациент емделіп жатыр. Сонымен қатар әлеуметтік ма­ңызы бар және орфандық аурулары бар пациенттер үшін 15 бағыт бойынша компания пре­параттарының 25 түрі қолжетімді. Бұған қоса компания атаулы кө­мектің 40-қа жуық жобасын іске асырған. Сәйкесінше, елдің 15 өңірінде 125-тен аса пациент емделген.
«Johnson & Johnson» бөлім­шесі, Янссеннің ТМД елдері бо­йынша директоры Әділет Назарбаевтың айтуынша, Янссен бұрын емделмейтін ауруларды емдеу тәсілдерін түбегейлі өзгертетін дәрілік препараттарды зерттеу мен әзірлеуге инвестиция тартып, басымдық беріп отыр. Мәселен, былтыр компания осы мақсаттарға 14,6 млрд доллардан аса қаражат жұмсаған. Осы терапевтік инновациялардың көп­шілігі елдегі пациенттер үшін де қолжетімді.
– Медицинада әлеуметтік ма­ңызы бар ауруларды емдеуге арналған инновациялық құралдар мен терапияның қолжетімді болуы маңызды. Бұл – пациенттердің өмірін сақтап, олардың өмір сү­ру сапасын айтарлықтай жақ­сартуға септесетіні белгілі. Со­нымен қатар денсаулық сақтау саласының экономикалық дамуы­на әсер ететін инновациялық емдеу әдістері екенін де естен шы­ғармау керек. Біздің түпкі мақсатымыз – пациенттердің өмір сүру сапасын жақсарту үшін мемлекеттік органдармен, медицина қауымдастығымен бірлесіп жұмыс істеу, күш біріктіру, – деп түсіндірді Ә.Назарбаев.