Қоғам • 13 Қараша, 2023

Ынтымақтастық қарқыны үдей түседі

134 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан мен Ресей Федерациясының 500 адамнан артық адам қатысқан өңіраралық ынтымақтастық форумы барысында Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Омбы облысының губернаторы Виталий Хоценкомен жүздесті. Кездесуде екі өңір арасындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды, деп жазады Egemen.kz

Ынтымақтастық қарқыны үдей түседі

Сондай-ақ  Ғауез Нұрмұхамбетов Ресейдің «Хлебпром» компаниясының бас директоры Ярослав Шадырямен кездесу өткізіп, «Qyzyljar»  арнайы экономикалық аймағында инвестжобаны жүзеге асыру бойынша келіссөздер жүргізді.

«Бұл форум екіжақты қарым-қатынастарды дамытуға, серіктестік пен іскерлік байланыстарды нығайтуға қосымша серпін бермек және өңіраралық ынтымақтастықтың жаңа перспективалы бағыттарын дамытуды қамтамасыз етеді», деп жазды облыс әкімі әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айта кететін жайт, форумға Қазақстанның 8 облысының және Ресей Федерациясының 12 өңірінен өкілдер қатысты.