Қоғам • 10 Қараша, 2023

Абай облысында АЭС салу мәселесі бойынша қоғамдық талқылау өтеді

165 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Абай облысының Азаматтық альянсы» ЗТБ бастамасы бойынша облыстың Қоғамдық кеңесі референдум өткізілгенге дейін Қазақстанда АЭС салу мәселесі бойынша қоғамдық талқылаулар өткізеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Абай облысында АЭС салу мәселесі бойынша қоғамдық талқылау өтеді

Фото: Malim.kz

Еске салайық, Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында  Қазақстанда атом электр стациясын салу мәселесі бойынша алдын ала халық арасында қоғамдық талқылаулар ұйымдастырып, жалпыұлттық референдум өткізу туралы бастама көтерді. Жолдауда Президент референдум өткізу мерзімі кейінірек анықталатынын атап өтті.

«Қоғамдық талқылауларға атом саласының сарапшылары қатысады. Талқылаулар барысында азаматтар АЭС салудағы технологияның қауіпсіздігі, сондай-ақ оның әлеуметтік-экономикалық аспектілері бойынша өздерін толғандыратын барлық сұрақтарды қоя алады», делінген әкімдіктің ресми телеграм арнасында.

Қоғамдық талқылау Семей қаласы, Қ.Мұхамедханов көшесі, 14 мекенжайындағы Рымбек Байсеитов атындағы қаржы-экономикалық колледжінің акт залында 15 қарашада сағат 17.00-де өтеді.