Білім • 09 Қараша, 2023

Сенатор: Шетелде кадр даярлауға бөлінген ақша тиімсіз пайдаланылады

210 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенатор Андрей Лукин Үкімет басшысының атына жолдаған депутаттық сауалында Халықаралық бағдарламалар орталығының жұмысындағы жағымсыз жайттарға тоқталды, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сенатор: Шетелде кадр даярлауға бөлінген ақша тиімсіз пайдаланылады

Депутат Орталықтың жұмысын тиісті ұйымдастырудың жоқтығы мен Ғылым және жоғары білім министрлігі тарапынан тиісті үйлестірудің болмауынан шетелде кадрларды даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға бөлінген қаражат тиімсіз пайдаланылып келгенін немесе ұрланатынын атап өтті. Ал бұл өз кезегінде бюджеттің негізсіз шығындарына әкеп соғады.

«Стипендиаттардың еңбек етуі мен оларды оқытуға жұмсалған бюджет қаржысын өтеуге мониторинг жүргізетін тиімді тетік жоқ. «Болашақ» түлектері халықаралық Болашақ стипендиясын тағайындауға арналған үміткерлерді іріктеу қағидаларына сәйкес Қазақстанға оралу және мамандығы бойынша үздіксіз еңбек ету туралы талаптарды ылғи да бұзып келеді. Осындай 1 мың дерек белгілі», деді сенатор.

Депутат сондай-ақ қаржыны қайтару мәселесіне Премьер-министрдің назарын аударды. Сенатор мысалға мемлекетке 6,6 млрд теңге көлеміндегі берешек туралы айтылатын статистиканы келтірді.

«Жоғарыда аталған деректер оқытудың мақсатсыз бағыттарын паш етіп отыр. Шетелде алған мамандық пайдаланылмайды, жоба жекелеген жағдайларда эмиграция құралына айналды, 270 түлек шетелде қалды. Жоба сонымен қатар оқу туризміне айналды. Орталық іс жүзінде еңбек нарығының нақты қажетіне сәйкес шетелде мамандар даярлауды ұйымдастыру деңгейінің төмендігін көрсетіп отыр. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың болмауы, салалық министрлік тарапынан тиісті үйлестірудің жоқтығы осындай жағдайға себеп болып табылады», деді Лукин.