Қоғам • 07 Қараша, 2023

СҚО-да жүк пойызы 16 бас уақ малды жапырып өтті

320 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Солтүстік Қазақстан облысының Белеградовка – Жаңаесіл аралығында жүк пойызының машинисі шұғыл тежегішті қолданды. Алайда, жүк пойызы ұсақ малды жапырып өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

СҚО-да жүк пойызы 16 бас уақ малды жапырып өтті

Көліктегі полиция департаментінің мәліметінше, 2023 жылдың басынан бері пойыздардың шұғыл тежелуінің 1624 фактісі тіркелген, оның 1077-сі темір жол төсемінде жануарлардың жүруі себебінен орын алды.

Мәселен, 3 қарашада Солтүстік Қазақстан облысының Белеградовка – Жаңаесіл аралығында жүк пойызының машинисі темір жолда жүрген ұсақ малмен соқтығысудың алдын алу үшін шұғыл тежегішті қолданған. Алайда соқтығысудың алдын алу мүмкін болмады, салдарынан 16 бас ұсақ малды қағып кетті.

Жоспарланбаған пойыз тұрағы 10 минутқа созылды.

"Тексеру барысында үй жануарларының иесі анықталды. Ол Солтүстік Қазақстан облысының 58 жастағы тұрғыны болып шықты. Құқық бұзушы ҚР ӘҚБтК-нің 559-бабының 1-бөлігі (Теміржолдарға бөлінген жолақта мал жаю ережелерін бұзу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деп жазды департаменттен.

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15