Қоғам • 06 Қараша, 2023

Астанада автогаз тапшы болып жатыр

197 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазан айында Атырау зауытында жүргізіліп жатқан жөндеу жұмысына және «ПМХЗ» ЖШС мен «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ зауыттарының үлкен жүктемесіне байланысты Астанада автогаз тапшылығы мәселесі туындады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астанада автогаз тапшы болып жатыр

Астана әкімдігінің мәліметінше, 6 қарашадағы жағдай бойынша қалада газ қалдығы 900 тоннаны құрайды, 1476,3 тонна жеткізілуі тиіс. Оның ішінде бүгін 9 вагон (324 тонна) жеткізілді, 7 қарашада 16 вагон (576 тонна) жеткізілуі керек. 7 қарашадан бастап «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ зауыты 25 вагон (900 тонна) газ, 8 қарашада 15 вагон (540 тонна) сұйытылған газ көлемін жөнелтуді бастайды.

Зауыттардың қызметі, сондай-ақ газды уақытылы жөнелту мен жеткізуді қамтамасыз етуді реттеу мәселесі ҚР Энергетика министрлігінің, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ құзыретінде.

Сұйытылған газдың жетіспеушілігін ескере отырып, сатушылар автогаз құю станцияларында талондық жүйені енгізу арқылы сату бойынша шектеулер енгізді.

Бұл шаралар жағдайды қалыпқа келтіргенге дейін газ тапшылығын болдырмауға байланысты қолданылады.

Биыл 6 қарашада қала әкімдігінде мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, сондай-ақ сұйытылған мұнай газын өткізушілердің қатысуымен кеңес өткізілді.

Қазіргі уақытта мәселе тиісті мемлекеттік органдардың бақылауында, шектеулерді кезең-кезеңімен бір апта ішінде алып тастау жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15