Президент • 05 Қараша, 2023

Қазақтың тазысын әлемге насихаттауда Димаш үлкен іс атқара алады - Берік Уәли

345 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Димаш Құдайбергенге тазының күшігін сыйлады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы Берік Уәли желідегі парақшасына жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақтың тазысын әлемге насихаттауда Димаш үлкен іс атқара алады - Берік Уәли

"Димаш тазыға "Ғарышкер" деп ат қойып, желіге суреттерін жүктеді.

Президенттің сыйлығына Димаштың ерекше қуанып, риза болғанын айта кеткен жөн.

Жалпы, қазақтың тазы тұқымын әлемдік деңгейде насихаттауда Димаш үлкен іс атқара алады деп ойлаймын. Өйткені жер жаһанды жауһар өнерімен жаулаған дарабоз әнші ұлттың дәуірлерден жеткен құндылықтарын дәріптесе, дүниежүзіне даңқы жайылмақ", - деген Берік Уәли.

Ол мұның Мемлекет басшысы айтатын креативті индустрияның бір бағыты болатынына сенім білдірген. 

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15