Пікір • 06 Қараша, 2023

Әріптестік әлеуеті арта түсті

142 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл жолғы саммитте экономикалық ынтымақтастыққа да баса назар аударылып отыр. Осының өзінен-ақ түркі мемлекеттері арасындағы екіжақты көпөлшемді ынтымақтастық қарқын алып келе жатқанын атап өтуге болады.

Әріптестік әлеуеті арта түсті

Бүгінде стра­тегиялық қарым-қатына­сты жан-жақты дамытуға көңіл бөліп отыр. Мәселен, Қазақстан Өз­бек­станның Қытай мен Ре­сей­ден кейінгі сыртқы сауда серіктестерінің үштігіне кіреді. Биылғы тоғыз айда Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 3 миллиард доллардан асты. Өзбекстан мен Түркияның да өзара айналымы жыл сайын артып келеді. Биылдың өзінде бұл елмен 370 жаңа бірлескен кәсіпорын құрылды. Сондай-ақ бірлескен жобаларымыз көп. Өзбекстан мен Мажарстан арасында құс шаруашылығы кластерін құру, әуе компаниясын енгізу, дәрі-дәрмек, құрамдас бөліктер мен хи­мия­лық өнімдер шығаруды бас­тау жоспарлары бар. Әзербайжан мен Өзбекстан энергетика, химия, көлік, машинажасау және құрылыс сияқты салаларда әріптестік орнатып жатыр.

 

Равшан НАЗАРОВ,

Өзбекстан Ғылым академиясы Мемлекет және құқық институтының аға ғылыми қызметкері

Соңғы жаңалықтар