Спорт • 03 Қараша, 2023

Қазақстанның 19 спортшысы допинг дауына ілікті

209 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық допингке қарсы орталық 2023 жылы WADA кодексін бұзған Қазақстан спортшыларының тізімін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz Рrosports.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстанның 19 спортшысы допинг дауына ілікті

Тізімде 19 спортшы бар. Олар пауэрлифтер Аман Қапышев, джитсер Мақсат Есмұрат, киберспортшы Дарын Бейбітов, каноисші Дильназ Сұлтанбек, жеңіл атлет Қалжан Мұзахан.

Сондай-ақ тізімде мына ауыр атлеттер бар:

Фаиза Исмаилова (спорттан шеттету уақыты 27.07.2023 - 27.07.2026, оксандролон, клостебол), Данил Ворошилов (08.04.2023 – 08.04.2026, кленбутерол), Әділет Нұрғали (24.05.2023 – 24.05.2026, метандиенон), Бағдат Маматқұл (04.05.2023 – 04.05.2025, метилгексанамин), Нұрғамит Дәулетхан (26.04.2023 – 26.04.2027, метастерон, оралтуринабол), Анатолий Савельев (25.04.2023 – 25.04.2025, метилгексанамин), Богдан Краснянский (16.05.2023 – 16.05.2027, метастерон), Диана Салықова (11.05.2023 – 11.05.2025, метилгексанамин), Алина Колиушко (18.05.2023 – 18.05.2026, САРМС S-23), Атабек Нуриддинов (24.05.2023 – 24.05.2026, метилгексанамин, САРМС S-23), Айым Есжанова (24.05.2023 – 24.05.2026, САРМС S-23), Өтепберген Алиев (12.06.2023 – 12.06.2026, САРМС Остарин), Анастасия Бетехтина 12.06.2023 – 12.06.2026, САРМС Остарин) и Мария Синицына 12.06.2023 – 12.06.2026, САРМС Остарин).