Аймақтар • 02 Қараша, 2023

Павлодар облысы: Қордағы газ – 1200 тонна

190 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ертіс-Баян өңірінде көлік газының 1200 тонна қоры бар. Жергілікті мұнай өңдеу зауыты қазіргі күні кідіріссіз жұмыс істеп, айына 25 мың тоннадай сұйытылған газ өндіріп отыр.

Павлодар облысы: Қордағы газ – 1200 тонна

Газдың көлемі – шамамен 5,5 мың тоннадай. Қазіргі қолда бар қор шамамен бір аптадай уақытқа жетеді. Дегенмен Павлодар мұнай-химия зауыты көгілдір отынды таратуда жергілікті нарыққа басымдық беретінін ескерсек, өңірдегі бекеттерге газ жеткізуде күрделі мәселе жоқ. Тек өткен айда зауыттан тиеуде біраз қиындықтар туын­дады. Бұған Атыраудағы мұ­най өңдеу зауытының жөндеуге тоқтауы се­беп болған. Осыған орай кейбір газ бекет­теріне отын түрі уақытынан кеш түсті.

– Сұйытылған газды өткен айда өзге облыстар біздің аймақтан көбірек сатып ала бастағанына орай өнімді тиеуде кезек қалыптасып қалды. Осы себептен кейбір жер­гілікті шағын бекеттерде іркілістер болуы мүмкін. Дей­тұр­ғанмен, қазіргі уақытта облыста газ қоры жеткілікті, 1200 тонна сұйы­тылған газ бар. Газ бағасы бекеттерде 74-79 теңге көлемінде ұсталып тұр. Бе­кеттер қаласа, нарықтағы газ бир­жа­сына қатысып, импорт отынды әкеле алады, – дейді өңірлік энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы бөлім басшы­сының міндетін атқарушы Әлішер Теміртас.

Қазіргі уақытта газ тек «Мо­нолит» бекеттерінде ғана талонмен са­тылып жатыр. Өзгесінде ашық сатылымда. Өңір бойынша 14 компания автогаз сатумен айналысса, оларға жалпы саны 86 бекет тиесілі.

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше