Аймақтар • 02 Қараша, 2023

Шәкен Аймановтың бюсті ашылды

370 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақ киносының атасы Шәкен Аймановтың 110 жыл­­дығына орай баян­ауыл­дық­тар төл пер­зентінің есімін ұлықтау шараларын бастап кетті. Жуықта әйгілі жер­лесіміздің атындағы мек­­теп-интернатта бюст ашыл­ды.

Шәкен Аймановтың бюсті ашылды

КСРО халық әртісі Шәкен Ай­мановтың есімін туған жерінің хал­қы әрдайым ардақтайды. Қазақ­тың маңдайына біткен жарық жұлдызының атында облыста кинотеатр, көшелер, мектеп бар. Осыдан біраз жыл бұрын Баянауылдың қақ ортасынан тұлғаға үлкен ескерткіш-композиция орнатылса, енді міне бюсті ашылып отыр.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, Шәкен Айманов атын­дағы мектеп-интернаттың аума­ғында орнатылған бюст белгілі ре­­жиссердің келер жылы атап өті­летін 110 жылдық мерейтойына арналған мерекелік іс-шаралардың бастауы. Зиялы қауым өкілдері мен жергілікті жұрт ашылу салтанатында мүсінге гүл шоқтарын қойды. Білім ордасының түлегі, айтыскер ақын Аспанбек Шұғатаев жырдан шашу шашып, арнау айтты.

Бюсті жасауға «Едіге Шоң» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қаржылай көмек көрсеткен. Биіктігі – 3,25 метр, тұғыры бүтін гранит тас­тан жасалған. Авторы – Асқар Нар­тов. Ол әйгілі жерлесіміздің бұған дейінгі ескерткішін де құйып шыққан еді.

Жерлестері Шәкен Аймановтың мерейтойына орай облыс орталы­ғында ескерткіш ашылса деген тілек танытып отыр.

 

Павлодар облысы,

Баянауыл ауданы

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше