Спорт • 31 Қазан, 2023

Қазақ спортшысы Канададан олжалы оралды

131 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Канаданың Монреаль қаласында шорт-тректен Әлем кубогының екінші кезеңі аяқталды. Елордалық спортшы Әділ Ғалиахметов әлем Кубогінің қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Egemen.kz Астана әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақ спортшысы Канададан олжалы оралды

Кубоктік додада Денис Никиша, Еркебұлан Шамұханов, Әділ Ғалиахметов және Мерсаид Жақсыбаев бастаған еліміздің ерлер құрамасы бақ сынап, қола жүлде иеленді.

Айта кетейік, Ұлттық құрама сапында Астана қаласынан келген спортшы Әділ Ғалиахметов өнер көрсетті.

п

Әлемдік жарысқа сары континенттің 14 елінен 168 шорт-трекші қатысты.

Осылайша, бір шақырымға 5000 метр эстафетада ерлер құрамасы 7: 05, 352 уақытпен үздік үштікке енді. Алтын медаль Қытай құрамасына бұйырды, ал күміс жүлдені Канада спортшылары жеңіп алды.