Қоғам • 31 Қазан, 2023

Қарағандыда қаза тапқан кеншілердің табысы қанша еді?

193 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова Костенко атындағы шахтада қаза тапқан кеншілердің жалақысы қанша болғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қарағандыда қаза тапқан кеншілердің табысы қанша еді?

«Цифрлық отбасы картасы арқылы олардың жалақысы туралы мәліметтерді қарадық. Біліктілігі мен атқарған қызметіне қарай олардың жалақысы 300 мыңнан басталып, 1,6 миллион теңгеге дейін болған», деді Т. Дүйсенова үкімет отырысында.

Министр кеншілердің жалақысын көтеру мәселесі жыл сайын қаралатынын айтты.

«Олардың ұжымдық шартында жұмыс көлемін жүзеге асырғаны үшін тиісті қосымша төлемдер қарастырылған», деді вице-премьер.