Спорт • 31 Қазан, 2023

Кім кінәлі екенін айту қиын: министр Азиаданың нәтижесі туралы айтты

230 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Қытайда өткен Азиаданың қорытындысы туралы журналистердің сауалына жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz

Кім кінәлі екенін айту қиын: министр Азиаданың нәтижесі туралы айтты

Фото: ortcom.kz

Оның мәліметінше, спортшыларымыз енді Олимпиадаға дайындалуға кіріседі.

«Келесі жылдың шілде айына дейін барынша көбірек лицензия алуға талпынатын боламыз. Ал Азиада ойындарының нәтижесіне кімнің кінәлі екенін дәл қазір айта салу қиын. Қорытындыны содан кейін шығарамыз. Әзірге тұспалдай салуға болмайды. Қазір бастысы - спортшыларды Олимпиадаға дайындау жұмыстарын қолға алу қажет», деді министр.

Себебі, жаңа дайындық кезеңі басталған.

«Азия ойындарынан соң бәрін саралап, сараптаймыз. Содан кейін Олимпиадаға жаңа күшпен дайындаламыз», деді ол.

Айта кетейік, Қазақстан Азия ойындарында медаль саны бойынша 11-ші орынды еншілеп, 80 медаль (10 алтын, 22 күміс, 48 қола) алған болатын.

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Кеше

Жезді жәдігерлері

Көрме • Кеше

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Кеше

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Кеше

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Кеше

Аңдатпа

Аңдатпа • Кеше