Ауа райы • 30 Қазан, 2023

Алдағы үш күнде елдегі синоптикалық жағдай өзгереді

284 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктер 31 қазан мен 2 қараша аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынды. Батыс, солтүстік және орталықта біртіндеп жылыну күтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алдағы үш күнде елдегі синоптикалық жағдай өзгереді

Фото: Ашық дереккөз

Өткен аптада еліміздің солтүстік аймақтарында қыс мезгілі байқалып, қар жауды, ауаның орташа тәуліктік температурасы нөлдік белгіден төмен болғаны мәлім. Алайда осы аптада синоптикалық жағдай өзгереді.

Атлантикалық циклондар сериясы жылу әкеледі, ауа температурасы қысқа уақытқа төмендегеннен кейін, жылумен бірге жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде болады, тек республиканың батысында ауа-райы негізінен жауын-шашынсыз болатыны болжанып отыр.

Күндізгі ауа температурасы батыста 12-20 жылыға дейін, солтүстікте және орталықта 5-10 жылыға дейін, ал еліміздің шығысы мен оңтүстігінде суық фронттың өтуімен түнде 0-5 жылыға дейін, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда 2-7 аязға дейін, күндіз 10-15, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда 0-5 жылыға дейін төмендейтіні күтіліп отыр.