Президент • 28 Қазан, 2023

Президент көңіл айтқан мемлекеттер басшыларына ризашылығын білдірді

171 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысындағы қайғылы оқиғаға орай көңіл айтқан барлық шет мемлекеттер басшылары мен Қазақстан халқына ризашылығын білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент көңіл айтқан мемлекеттер басшыларына ризашылығын білдірді

Фото: ашық дереккөз

«Қаза болған кеншілердің отбасыларына көңіл айтып, осынау қиын сәтте жылы лебіздерін жолдап, қолдау көрсеткен мемлекеттер басшыларына, қоғам қайраткерлеріне, азаматтарға шынайы ризашылығымды білдіремін», деп жазды Мемлекет басшысы Х парақшасында.