Президент • 25 Қазан, 2023

Президентке сыйға берілген асыл тұқымды күшік

384 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Журналист, жүргізуші және «Президент» жобасының авторы Әділ Балтабаев өзінің Telegram-арнасында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа сыйға тартылған Наурыз атты күшіктің қазіргі күйін көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президентке сыйға берілген асыл тұқымды күшік

Журналист тазы тұқымды Наурыз атты күшік әлі де елдің есінде екенін атап өткен. Ол Мемлекет басшысына ұлттық мерекенің құрметіне сыйға тартылған.

«Бұған дейін мен сіздерге Ақорданың айналасында өскен Наурыздың жүгіріп жүргенін бейнелейтін роликті бөліскен едім. Енді мен ересек, әбден өскен аң алатын иттің суретін ұсынып отырмын», деп жазған Балтабаев жаңа суретке.

Айта кетейік, тазының күшігін Мемлекет басшысына асыл тұқымды ит өсіруші Анна Захарова сыйға тартқан.