Республика күні • 25 Қазан, 2023

Республика күніне орай шет мемлекеттердің президенттерінен құттықтау жеделхаттары түсіп жатыр

159 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Республика күніне орай шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар басшыларынан құттықтау жеделхаттары әлі де келіп түсіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Республика күніне орай шет мемлекеттердің президенттерінен құттықтау жеделхаттары түсіп жатыр

Фото:akorda.kz

 

«Тіл, тарих және мәдениет сияқты ортақ құндылықтарымызға негізделген қарым-қатынасымыз стратегиялық серіктестік рухында қарқынды дамып келеді. Екі елдің ынтымақтастығы жаңа салалармен толыға түскені қуантады. Біздің бірлескен күш-жігеріміздің нәтижесінде Түркия мен Қазақстан арасындағы байланыстар одан әрі нығая беретініне сенімдімін. Сізбен Астана қаласында өтетін Түркі мемлекеттері ұйымының Х саммитінде кездесетініме қуаныштымын», деді  Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған.

Словакия Президенті Зузана Чапутова Мемлекет басшысына тұрақты, әділетті және бақуатты Қазақстанды дамытуға бағытталған реформаларды іске асыруда табыс тіледі. Сондай-ақ ол халықаралық құқық қағидаттарын құрметтеуге негізделген өзара ынтымақтастықтың нәтижесінде елдеріміз қазіргі заманның сын-қатерлерін бірге еңсеретініне сенім білдірді.

Сербия Президенті Александр Вучич өзінің жеделхатында екі ел арасындағы өзара құрмет пен түсіністікке құралған дәстүрлі достық қатынастардың нығайып келе жатқанын атап өтті. Александр Вучич Сербия және Қазақстанның мүддесі мен игілігі жолындағы өзара ықпалдастық алдағы уақытта да кеңейеді деп сенетінін жазған.

Қ.Тоқаевтың атына Республика күнімен құттықтау жеделхатын  Литва Президенті Гитанас Науседа, ТМД Парламентаралық Ассамблеясы Кеңесінің Бас хатшысы Дмитрий Кобицкий, АӨСШК Бас хатшысы Қайрат Сарыбай, ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов, басқа да  тұлғалар  жолдады.