Үкімет • 22 Қазан, 2023

Ынтымақтастықтың ықтимал перспективалары талқыланды

154 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың кореялық Doosan Enerbility компаниясының атқарушы вице-президенті Чон Гван Киммен өткен кездесуінде ынтымақтастықтың ықтимал перспективалары талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ынтымақтастықтың ықтимал перспективалары талқыланды

Фото: primeminister.kz

Үкіметтің баспасөз қызметінен мәлім болғандай Doosan Enerbility компаниясы Қазақстандағы энергетикалық мәселелерді экологиялық таза технологиялар арқылы шешудің нұсқаларын ұсынды. Стансалар салу бойынша және озық технологиялар мен жабдықтарды қолдану тұрғысында аталған компанияның зор тәжірибесі бар екені айтылды.

Жиын қорытындысында мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар берілді.