Медицина • 20 Қазан, 2023

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры басшысының жалақысы қанша?

306 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Басқарма төрағасы «таза» 1,39 миллион теңге алады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры басшысының жалақысы қанша?

"Мой город" басылымының мәліметінше, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 2022 жылы басқарма мүшелеріне 93,8 млн теңге жалақы берген.

Бұған дейін қазақстандық телеграм-каналдар қор қызметі туралы жылдық есептің жариялануына назар аударған болатын. Құжатқа сәйкес, басқарманың бес мүшесі жалпы сомасы 93,8 миллион теңге сыйақы алған.

18 қазанда МӘМС қор басқарма төрағасының нақты жалақысын жариялады. Оны директорлар кеңесі бекіткен.

«Қазіргі басқарма басшысының ең төменгі белгіленген деңгейде жалақысы «таза» 1,39 миллион теңгені құрайды», - делінген хабарламада.

Қор басқарманың әрбір мүшесіне, оның ішінде төрағаға сыйақы мөлшері Үкімет қаулысымен ең төменгі жалақының 10 (2022 жылы 600 мың теңге) мөлшерінде шектелетініне сендірді.

- Бұл - бір жыл ішінде басқарманың бір мүшесіне сыйақы ретінде төлеуге қарастырылған сома. Қордың жылдық есебінде көрсетілген 93,8 миллион теңге жалақы, жоғарыда аталған сыйақылар және еңбек демалысының сомасы болып саналады, - деп жазды қор.