Аймақтар • 10 Қазан, 2023

Тұрғындар 15 миллион теңгеден қағылды

132 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жамбыл облысының он бір тұрғыны алаяқтық дерегі бойынша полицияға арызбен жүгінген, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тұрғындар 15 миллион теңгеден қағылды

Жәбірленушілердің айтуынша, беймәлім азамат наурыз-шілде айы аралығында ақшалай сыйақы бергендерге мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер сатып алуға көмектесуге уәде берген. Алайда қаржыны қалтаға басқан ол тұрғындарды тақырға отырғызған.

Азаматтар күдіктіге ең аз дегенде 800 мың теңге ұсынса, кейбір тұрғындар үш миллион теңгені ойланбай санап берген. Жалпы шығын көлемі шамамен 15 миллион теңгені құрайды.

«Осы дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі (алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде осы санаттағы қылмысы үшін бұрын сотты болған тараздық 43 жастағы әйел азаматшаны ұстады.

Күдікті өз кінәсін толық мойындады, қазіргі уақытта уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Сондай-ақ, өңір  аумағында осындай қылмыстарға қатыстылығы анықталатын болады», делінген облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.