Қазақстан • 04 Қазан, 2023

АЭС бойынша барлық шешімдер референдум нәтижесіне қарай қабылданады - министр

209 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сатқалиев XV KazEnergy Еуразиялық форумына қатысып, Қазақстанда атом электр стансасын салу мәселесіне қатысты сұрақтарға жауап берді, деп жазады Egemen.kz.

АЭС бойынша барлық шешімдер референдум нәтижесіне қарай қабылданады - министр

Фото: elements.envato.com

Министрдің айтуынша, Қазақстанда АЭС салу мәселесі төңірегінде бірнеше нұсқа қарастырылып жатыр.

«Қазір АЭС құрылысы үшін арнайы қондырғыларды жеткізушілерді іріктеудің алдын ала кезеңі жүріп жатыр, төрт қатысушының тізімі ресми түрде құрылды. Олар - Франция, Қытай, Ресей Федерациясы мен Корея. Сондай-ақ Энергетика министрлігі америкалық әріптестеріміздің шағын модульдік реакторларды салу жөніндегі екі ұсынысын қарастырып жатыр», деді Алмасадам Сатқалиев.

Осы тұста министр Мемлекет басшысының мәлімдемесіне сәйкес Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесі бойынша түпкілікті шешім қабылдау үшін жалпыхалықтық референдум өтетінін еске салды.

«Атом электр стансасы мәселесі бойынша кейінгі барлық шешімдер референдум нәтижесіне қарай қабылданады», деп түйіндеді ведомство басшысы.