Спорт • 04 Қазан, 2023

Қытай қазағы Тоқтарбек Таңатқан Азиаданың финалына өтті

995 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аспан асты елі атынан жарысып жүрген боксшы Тоқтарбек Таңатқан Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарының финалына өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қытай қазағы Тоқтарбек Таңатқан Азиаданың финалына өтті

80 келіге дейінгі салмақта шаршы алаңға шыққан Тоқтарбек Таңатқан 2022 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионы, Өзбекстан боксшысы Турабек Хабибуллаевты ойсырата жеңді.

Енді финалға өткен Қытай қазағы, «алтын» үшін таласқа түседі.

Айта кетсек, Тоқтарбек Таңатқан Ташкентте өткен әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанған еді.

Соңғы жаңалықтар

Алматыда 6 мың жұмыс орны құрылды

Жұмысшы мамандықтар жылы • Кеше

Республика күні Әл-Фараби көзімен

Республика күні • Кеше