Парламент • 04 Қазан, 2023

Не деген ашкөздік: Кәсіпорынның табысы – 61 млн, басшылығының премиясы – 336 млн – депутат

326 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«AMANAT» Партиясы фракциясының мүшесі Ерлан Саиров «Самұрық - Қазына ұлттық  әл-ауқат қоры» АҚ басшылығына төленетін сыйақы мәселесі туралы Премьер-министрге және Бас Прокурорға депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Не деген ашкөздік: Кәсіпорынның табысы – 61 млн, басшылығының премиясы – 336 млн – депутат

Фото: Ашық дереккөз

Ерлан Саиров өз сауалында аталған кәсіпорынның басшылығы көп мөлшерде  сыйақы алғандары туралы цифрлық мәліметтер келтірді.

«Кәсіпорын басшысы бір жылда 74 млн теңге, басшылық құрамы 274 млн теңге бонус жазып алған». деген депутат тағы бірнеше мысал келтіре отырып, «Қарапайым халқымыз ұнның қымбаттауынан қиналып отырғанда бұл жағдай халықтың ашу-ызасын тудырары анық. Аталған кәсіпорын және оның еншілес кәсіпорындарының басшылығы бонус жазып алуға ғана қызмет ете ме деген заңды сұрақ туады», деді.

Депутаттың айтуынша Жаңа Қазақстан идеалдары ұлттық теңдік принциптері іске асқанда ғана орындалады.

«Аталған кәсіпорынның сыйақы жазу саясатының заңға сәйкестігін және оның құжынаған еншілес кәсіпорындарының қажеттігін анықтау, «Самұрық - Қазынаның» қаржылық ашықтығын қамтамасыз ету тетіктерін жасау қажет», деп түйіндеді Ерлан Саиров.