Хоккей • 01 Қазан, 2023

Бір айда төрт мәрте жеңілді

168 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) бақ сынайтын елорданың «Барысы» Но­восібірдің «Сибирь» командасымен бір айда төрт мәрте кездесіп, төр­­теуінде де қарсыластарына есе жіберді.

Бір айда төрт мәрте жеңілді

«Барыс» пен «Сибирь» биылғы тұрақты біріншіліктегі бірінші ойынын 4 қыркүйекте елордада өткізіп, қонақтар овертаймда 5:4 есебімен жеңіске жетсе, араға үш күн салып Новосбірдегі матчта айдын иелері тағы да «Барысқа» овертаймда опық жегізді – 1:0. 23 қыркүйекте екі ұжым мұзайдында үшінші мәрте кездесіп, бұл жолы да жерлестеріміз «Сибирь» клубының осал тұсын таба алмады – 4:2. Ал күні кеше командалар қыр­күйек айында төртінші ойынын өткізіп, Андрей Скабелка шәкірттері тағы да өз жанкүйерлерін жеңіспен қуанта алмады.

Елордадағы «Барыс Арена» спорт ке­шенінде өткен бәсекені қонақтар белсенді бастап, кездесудің небәрі бірінші минутында-ақ ойынның есебін ашса, үзілістен кейін де «Сибирь» хоккейшілері жерлестерімізге қарағанда белсенді ойнап, екінші кезең аяқталар тұста таблодағы көрсеткішті 2:0-ге жеткізді. Үшінші кезеңнің аяқталуына екі минут қалғанда Рудольф Червены есеп айырмасын қысқартқанымен, жеңісті жұлып алуға «Барыс» ойыншыларына уақыт жетпей қалды – 2:1.

 

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15