Ғылым • 26 Қыркүйек, 2023

Генетикаға арналған оқу құралы

307 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Абай университетінің ғалымдары генетика саласына электронды оқу құралын әзірлеп шықты. Кейде бір ақпаратты іздесек, интернетке бірден орысша жазып іздейтініміз бар. Әсіресе бұл жағдай студенттерге жақсы таныс.

Генетикаға арналған оқу құралы

Тіпті университетте қажет ақпарат­тар­ды көбіне орыс тілінде жазылған кітаптар мен ақпарат көздерінен алатыны да өтірік емес. Өйткені қазақ тілінде сауатты әрі түсінікті жазылған ғылыми кітаптар мен ақ­параттарды табу әлі де қиын. Сонда қазақ тілі қайтсе ғылым тіліне айналады?..

Біз қойған сауалдың жауабын Алаш азаматтары айтып та, іспен дәлелдеп те кеткен. Сол кезеңде жазылған «Қазақ хрестоматиясы», «Әліппе», «Оқу құралы», «Есеп құралы», «Педагогика», «Психология» кітаптары – қазақ ғылымының негізі. Олар өз заманында оқу-әдістемелерін ауда­рып, кітап жазуды қолға алу арқы­лы оқу мәдениетін қалыптастырып, ағарту­шылықпен айналысты. Ендеше қа­зақ тілінде жазылған ғылыми еңбектер көбейсе, қазақ тілінің ғылымдағы тынысы сонда ашылады. Абай университетінің ғалымдары дайындаған генетика саласына электронды оқу құралы заманға лайықталған тиімді оқулық.

Оқу құралын Жаратылыстану және география институтының жас ғалымдары мен профессор-оқытушылар құрамы биология ғылымдарының докторы Докторхан Айдарбаеваның жетекшілігімен әзір­лен­ген.

Кітапты дайындаушылардың айтуынша, электронды оқу құралының мақсаты – биолог студенттерге организмдердің тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік заңдылықтарын, тұқым қуалаушылықтың цитологиялық негіздері туралы терең білім беру. Электронды оқу құралының мазмұнына кіріспе, дәріс тезистері, зертханалық жаттығулар, студенттердің өз бетімен орындайтын тапсырмалары, тест тапсырмалары, генетикадан әртүрлі тақырыптағы оқу фильмдері енгізілген. Оқу құралының көмегімен студенттер қазіргі генетиканың әртүрлі тақырыптары бойынша білім алады.

 

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45

Абдолла ақын ұлықталды

Тағзым • Бүгін, 10:35

Қаламгердің көзілдірігі

Таным • Бүгін, 10:25

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Бүгін, 10:05

Алаш дәрігері

Тұлға • Бүгін, 09:55

Сенім һәм ұрпақ тәрбиесі

Пікір • Бүгін, 09:45

Нияз батыр

Зерде • Бүгін, 09:40

Қарақұрт қаптап кетті

Мәселе • Бүгін, 08:50

Туған жерге тірек болар жоба

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Пойыздағы арпалыс

Театр • Бүгін, 08:15

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:03