Қаржы • 26 Қыркүйек, 2023

Доллар қайта қымбаттады

188 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысына сәйкес, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Доллар қайта қымбаттады

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 2,90 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы 476,89 теңге болды.

Ұлттық банктің 1 долларға арналған ресми бағамы 473,98 теңгені құрады. 

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 476,1 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 478,9 теңге.

Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 474 теңге, сатып алу құны – 479 теңге.