Спорт • 21 Қыркүйек, 2023

Елордада пара хоккейден әлем чемпионаты өтеді

168 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанадағы «Тарлан» мұз айдынында 6-11 қазан аралығында Astana 2023 World Championship B-Pool өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елордада пара хоккейден әлем чемпионаты өтеді

Фото: елорда әкімдігі

Айтулы бәсекеге Қазақстан, Словакия, Швеция, Жапония, Финляндия, Ұлыбритания командалары қатысады.

Айта кетейік, следж-хоккейден ұлттық құрама өткен жылғы С пулындағы әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алып, В тобына жолдама алған еді.

«Біз «B-Pоol» жарысына алғаш рет қатысамыз. Астана қаласының құрама командасынан құралған хоккейшілер мұндай мүмкіндікке өткен маусымда Таиландта өткен «С-Pool» әлем чемпионатында екінші орын алған соң ие болдық. Жалпы Қазақстанда пара хоккейді дамыту бағдарламасын бес жыл бұрын ғана бастаған болатынбыз. Содан бері жергілікті демеушілер мен ұйымдардың назарын аударып, ұлттық құраманың қалыптасуына көмектесті», деді команда мүшесі Қайрат Сабыров.