Қаржы • 20 Қыркүйек, 2023

Шымкентте ірі көлемде бюджет қаржысын жымқырған лауазымды тұлға ұсталды

726 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімдігінің лауазымды тұлғасы бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде жымқырды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Egemen.kz

Шымкентте ірі көлемде бюджет қаржысын жымқырған лауазымды тұлға ұсталды

Фото: ашық дереккөз

Қаржы мониторинг агенттігінің мәліметінше, күдікті өзінің лауазымдық жағдайын пайдалана отырып, қала аумағындағы көпқабатты үйлердің 150 ауласын абаттандыру бойынша сметалық құжаттамада жұмыстар мен материалдардың бағасын негізсіз қымбаттатқан.

Ол 700 млн теңгеден астам сомаға аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді. Сот санкциясымен аталған азамат ұсталып, қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

«ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі», деп түсіндірді ҚМА.