Пікір • 11 Қыркүйек, 2023

ІТ қызметі экспортына қадам

340 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Жолдауда Үкіметке 2026 жылға қарай ІТ қызметінің экспортын бір миллиард долларға жеткізуді міндеттеді. Бұл – ел экономикасын көтеруге және халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған өте маңызды тапсырма.

ІТ қызметі экспортына қадам

ФОТО: kz.oqu.news

Бірақ бұл тапсырманы табыс­ты орындауға жүйелі жұмыс, кешенді жоспар, дайын қор керек. Осы ретте «Aстана хаб» ха­лық­аралық технологиялық пар­кі­нің рөлі өте жоғары. Қазірдің өзінде бұл технопарк тіркелген ірілі-ұсақ 1250 компанияны акселерациялау, тех­но­логиялық бизнес-инкубациялау, маркетингтік және өзге де іс-шаралар өткізу қызметтерін көр­се­тіп келеді. Оның ішінде акселерациялау бойынша – 558, бизнес-инкубациялау бағдарламасы бойынша 544 стартап жобасы тіркелген. Қазір 50-ден аса компания ІТ экспорт акселерациялау бизнес-бағдарламасы бо­йынша қызметтер алып отыр.

«Aстана хабта» тіркелген ше­тел­дік компанияларға салық же­ңіл­діктері және шетелдің аза­мат­­­тарға жеңілдетілген визалық ре­­жім­дер қарастырылған, тех­ноло­гия­лық кәсіпкерлікті танымал ету және технологиялық стартап құру ба­ғы­тындағы IT-саласындағы адами капиталды дамытуға бағытталған 9 білім беру бағдарламасы бар. 2022 жылы бір ғана «Tech Orda» бағдарламасымен 2 мыңнан астам студент білімін жетілдірді. Осының бәрі ІТ қызметтерінің экспортын арттырып, отандық IT-саласының әлеуетін көтеруге септігін тигізеді дегенге сенеміз.

 

Оңғарбай ДӘНЕБЕКОВ,

«Aстана хаб» халықаралық технологиялық паркі іріктеу комиссиясының мүшесі

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35