Спорт • 08 Қыркүйек, 2023

«Ұлы дала жорығынан» теріскейдің командасы шығып қалды

360 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Ұлы дала жорығының» қатысушылары үшінші кезеңді өндіруге аттанды. Қатысушылар арасынан Солтүстік Қазақстан облысының командасы шығып қалды, деп хабарлайды  Egemen.kz ұйымдастыру комитетіне  сілтеме жасап.

«Ұлы дала жорығынан» теріскейдің командасы шығып қалды

https://web.telegram.org/

Бәйгенің талабы бойынша әр кезеңде уақыттан ұтып, алғашқы болып келген команда келесі күнгі жарысты бірінші болып бастайды. Екінші кезең қорытындысы бойынша Маңғыстау облысының командасы көш бастаса,  Қостанай командасы екінші жетті, Жетісу облысының шабандоздары  көмбені үшінші болып қиды.  Шымкент қаласы мен Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының командалары болдырған аттарын жарыстан шығаруға тура келді.

«Sport Qory» туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры бас серіктесі саналатын  «Ұлы дала жорығы» республикалық марафон-бәйгесі 13 кезеңмен аяқталады. Түркістан қаласына дейінгі 1300 шақырымдық қашықтықта бірінші болып келген командаға 30 миллион теңге, екінші орынға 20 миллион, үшінші орынға тұрақтаған командаға 15 миллион теңге сыйақы беріледі.

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50