Қазақстан • 07 Қыркүйек, 2023

Алматыдан Тель-Авивке тікелей рейстер ашылды

181 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін, 7 қыркүйекте «Air Astana» әуе компаниясы Airbus 321 үлгісіндегі әуе кемелерінде аптасына 2 рейс жиілігімен Алматы – Тель-Авив бағыты бойынша рейстер ашты, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Алматыдан Тель-Авивке тікелей рейстер ашылды

Фото: ашық дереккөз

Қазақстан мен Израиль арасындағы әуе қатынасының ашылуы елдер арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты дамытуды жеделдетуге мүмкіндік береді.

«ҚР Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті ұшу географиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын тұрақты негізде ұлғайту бойынша жұмыс жүргізіп жатыр», делінген ведомство хабарламасында.