Әскер • 06 Қыркүйек, 2023

Заманға сай қуатты құрылым

224 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қаңтар оқиғасы еліміздің Қарулы күштерін заманауи қауіп-қатерлерге тойтарыс бере алатын тегеурінді күштік құрылым­дармен нығайту қажеттігін анық байқатты. Осыған орай, дүрбелеңнен кейін іле-шала құрылған жаңа әскери бөлініс – Арнаулы операциялар күштерінің қолбасшылығы.

Заманға сай қуатты құрылым

Күні кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жағалау» оқу-­жаттығу полигонында өт­кен «Ба­тыл тойтарыс-2023» стра­те­гия­лық командалық-штаб­тық әскери оқу-жаттығу жиы­ны­­на қатысып, Арнаулы опе­ра­ция­­лар күштері мен Десант­т­ық-ша­буылдау әскерлерінің дайын­ды­ғын көзбен көрген болатын. Қазақстан Респуб­ликасы Қа­ру­лы Күштерінің құ­рамына кіретін Арнаулы операция­лар күштерінің қолбасшылығы Президенттің 2022 жылғы 19 қаңтардағы №779 Жарлығымен құрылып, 3 ақпанда Мемлекет басшысының өкімімен Болат Жо­рабаев оның қолбасшысы лауазымына тағайындалды.

Арнаулы операциялар күш­тері елдің қорғаныс қабі­леті мен әскери қауіпсіздігін қам­тамасыз ету аясында, оның ішінде терроризмге қарсы операцияларға және заңсыз қаруланған құрылымдарға қарсы іс-қимыл жасауға қатысу арқылы арнайы міндеттерді шешуге арналған.

Жаңа бөліністің қызмет етіп келе жатқанына екі жыл­­ға жуық­тап қалды. Осы уақыт ара­лығында Қорғаныс ми­нистрлігі Мемлекет басшысы­ның ар­мия­ның жауынгерлік қабілетін түбе­гейлі арттыру және Қарулы күш­тердің жұмысын қайта құру жө­ніндегі тапсырмасын іске асы­ру шеңберінде құрылған Арнаулы операциялар күштері қолбасшылығының күштері мен құралдар құрамын, міндеттері мен функцияларын айқындады. Жыл бойы бас­қару органдары мен бөлім­шелерін құзыретті мамандармен жасақтау, оларды заманауи техникамен, қару-жарақпен және оқу-материалдық базамен жарақтандыру жұмыстарын жүргізді.

Бүгінгі қазақ армиясы – ел мен жерді тек сыртқы жаудан ғана емес, ішкі қауіп-қатерлерден де сенімді қорғай алатын алып күшке айналды. Арнаулы операциялар күштері соның ішіндегі ең заманға сай жабдықталған қуатты құрылымдардың бірі.

 

Соңғы жаңалықтар

Көкше көшетімен көрікті

Талбесік • Бүгін, 08:55

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:52

Әбіштің қолтаңбасы

Мирас • Бүгін, 08:50

Өмірзақтың өнегелі жолы

Руханият • Бүгін, 08:48

Су сүзгілері өндіріледі

Ғылым • Бүгін, 08:45

«Дәридайлап» жыр төккен

Руханият • Бүгін, 08:43

Ән-аманат

Тұлға • Бүгін, 08:40

Жоғалып табылған сурет

Жәдігер • Бүгін, 08:38

Әдебиет бапкері

Әдебиет • Бүгін, 08:33

Еңбек даңқы аласармайды

Еңбек • Бүгін, 08:22