Президент • 05 Қыркүйек, 2023

Президент көрмеде шұбаттан дәм татты

240 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Алматы облысының ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерімен әңгімелесіп,  шаруалардың өндірген шұбатынан дәм татты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент көрмеде шұбаттан дәм татты

https://web.telegram.org/

Бір түйе сатып алып бүгінгі таңда 5 мың басқа жеткізген кәсіпкер Сыдық  Дәулетов  Мемлекет басшысына ауыл шаруашылығы саласын   дамытуға қолдау көрсеткені үшін алғысын жеткізді. 

«Сіз 2019 жылы Қытайға барған сапарыңызда  түйе сүтін құрғақ ұнтақ күйінде экспортқа шығаруға жол аштыңыз. Түйе сүтін терең өңдейтін зауыт салдық. Бүгінгі таңда Қытайға түйе сүтін экспорттап жатырмыз», деді  кәсіпкер.

Президент кәсіпкердің өндірген шұбатын ішіп, дәмін көрді. Алдағы уақытта да қолдау көрсететінін айтты.