Қоғам • 04 Қыркүйек, 2023

Шымкентте 1 миллион теңгенің техникасын қолды еткен ұры ұсталды

125 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент қаласындағы теннис орталығында құны 1 миллион теңгеден асатын бағалы техниканы қолды еткен ұры ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шымкентте 1 миллион теңгенің техникасын қолды еткен ұры ұсталды

Фото: https://web.telegram.org/

Күдікті орталықты аралап жүріп, елордадан турнир өткізуге арнайы келген мамандардың бағалы ноутбугі мен смартфонын үптеген.

«Бейнекамералардағы жазбаларды зерделеу кезінде, қаскүнем теннис ойнауға келгендей кейіп танытып, спорт орталығына емін-еркін кіргені және ашық тұрған қызметтік бөлмеден қымбат техниканы қолды етіп, оқиға орнынан бой тасалағаны белгілі болды. Күдікті бұрын осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін сотты болған 27 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Ол бұған дейін де 7 ұрлық фактісіне қатысы бары анықталды. Ол өзі ұрлаған  смартфонды кездейсоқ сатып алушыларға өткізу үстінде ұсталды. Бір ай ішінде өзгенің 4 ұялы телефонын, ноутбук пен 2 ойын приставкаларын иемденген. Осылайша ол бұған дейін де  емдеу орталығының, интернет-клуб және стоматологияның жұмысшылары мен шаштаразға жалпы сомасы 2 миллион теңгеден аса шығын келтірген. Ұсталған азамат қамалып, 188-баптың 3-бөлігінің 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», делінген Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.