ANTIKOR • 31 Тамыз, 2023

Жетісу облысында департамент басшысы пара алған

146 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жетісу облысы бойынша Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті облыстық департаменті басшысының заңсыз қызметін әшкереледі, деп хабарлайды Egemen.kz ANTIKOR телеграм арнасына сілтеме жасап. 

Жетісу облысында департамент басшысы пара алған

Фото: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

Лауазымды тұлға медициналық қызмет көрсету және тиісті лицензия беру жөніндегі қызметі үшін кәсіпкерлерден жүйелі негізде пара алды деген күдікке ілінді.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Департамент басшысы мен пара берушілерге қатысты қорытынды шешімді сот қабылдайды.

«Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі», делінген Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет таратқан хабарламада.