Президент • 29 Тамыз, 2023

Мемлекет басшысы ауыл тұрғындарын толғандыратын мәселелерді атады

250 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев  Конституция күніне орай өткізген арнайы жиында ауыл тұрғындары қандай мәселені жиі көтеретінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы ауыл тұрғындарын толғандыратын мәселелерді атады

«Ауыл тұрғындары басқа мәселелерге қарағанда, жерді пайдалану, жайылымдарды бөлу, инфрақұрылымдардың қолжетімділігі мен сапасына қатысты мәселелерді жиі көтереді. Құқықтық насихат бағытындағы сіздердің күш-жігерлеріңіз ауыл мен қала тұрғындарының мүмкіндігі арасындағы алшақтықты дәйекті түрде қысқартуға тиіс. Омбудсмен өкілдіктері өңірлерде құқықтық сауаттылықты арттыруға тиімді ықпал ете алады. Жергілікті қоғамдастықтар азаматтардың құқықтарын қорғау үшін жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы толық ақпарат алуға тиіс. Адамдар қабылданып жатқан шаралардың нақты нәтижесін көріп, бағалай алуы қажет. Бұл – басты міндет. Елімізде жолға қойылған Уәкілдер жүйесі өзіне жүктелген міндетті толық орындауға тиіс. Аталған бағыттағы қызмет – Әділетті Қазақстанды құру жолындағы маңызды қадам», деді Мемлекет басшысы.