Жануарлар • 29 Тамыз, 2023

Нағыз құлан үйірі әкелінеді

520 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Құлан жорытқан Ұлы далада оның ізі де қалмаған» дегенге адам сене ме? Жыр-аңыздарымызда жылқымен қатар айтылатын желмен жарысқан жануарды қалпына келтіру жобасы Қазақстанда қолға алынғаны да белгілі.

Нағыз құлан үйірі әкелінеді

2024 жылы елімізге Че­хия­дан «Пржевальский жыл­қысының» (өлкетанушылар, тарихшылар оны нағыз құлан деседі) алғашқы легі әкелінбек. Олар отандық жануарлар реинтродукциясы (жабайы та­биғатқа оралу) жобасына қа­ты­сатын болады. Чехияның қор­шаған ортаны қорғау министрлігі жыл­қыларды елі­мізге жеткізуді Прага хайуа­наттар бағы арқы­лы жүзеге асырады.

Жылқыларды реинтродук­циялауға Қостанай облысының «Алтын дала» мемлекеттік табиғи резерватының аумағы таңдалған. Айта кетейік, Еу­ро­падан 40 «Пржевальский жылқысын» тасымалдау жос­парланып отыр.

ХХ ғасырдың басына дейін «Пржевальский жыл­қылары» Еуропаның орманды далаларында, жазықтар мен жартылай шөлдерінде, Қазақстан мен Батыс Сібірдің оңтүстігіндегі далаларда және ішінара орманды алқаптарда кең таралғаны белгілі.

Қазір әлемде ХХ ға­сыр­дың басында Жоң­ғарияда ауланған бір үйір жылқыдан шыққан екі мыңға жуық асыл тұқымды «Пржеваль­ский жыл­­қысы» бар. Аталған жыл­қы­лардың тұ­қымы хайуанаттар ба­ғында және әлем­дегі қо­рық­тарда өсіріліп келеді.

Бүгінде «Пржевальский жыл­қысын» реинтродукциялау бағдарла­малары Моңғолияда, Қытайда, Ресейдің Орынбор облысында жұмыс жүзеге асқан. 1990-жылдары эксперимент үшін Чернобыль аймағына 30-ға жуық «Пр­жевальский жыл­қысы» жі­беріліп, олар жылдам кө­бейе бас­тағанын айта кеткіміз келеді.

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50