Ауа райы • 28 Тамыз, 2023

Жаздың соңғы үш күніне арналған ауа райы болжамы

380 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктер 29-31 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жаздың соңғы үш күніне арналған ауа райы болжамы

Фото: aqmeshit-aptalygy.kz

Ауа райы болжамына сәйкес, республиканың барлық аумағында дерлік ауа температурасы төмендейді деп күтілуде. Алдағы үш тәулікте республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, найзағай ойнап, екпінді жел соғады, бұршақ жаууы мүмкін.

Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауып, ауа температурасының біртіндеп төмендеуі күтіледі.

«Ауа температурасы түнде 3-11 градусқа дейін, күндіз 10-18 градусқа дейін төмендейді», деп хабарлады синоптиктер.

«Қазгидромет» РМК атап өткендей, тек республиканың шығысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында аптаның басында күн жылы болады, кейін аптаның соңына қарай ауа температурасы түнде 10-15 градусқа дейін төмендейді, ал күндіз 20-25 градус жылы болады.