Білім • 28 Тамыз, 2023

Шетелде ғылыми тағылымдамадан өтуге өтінім қабылдау басталды

180 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шетелде ғылыми тағылымдамадан өтуге өтінім қабылдау басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шетелде ғылыми тағылымдамадан  өтуге өтінім қабылдау басталды

Фото: opennews.kz

Шетелде ғылыми тағылымдамадан (500 ғалым) өту үшін конкурстық іріктеуге қатысуға өтініш беру 13 қазанға дейін жалғасады. Республикалық комиссия грант тағайындауды желтоқсан айларында жүзеге асырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-да мына мекенжайда:

Астана қаласы, Сығанақ к-сі, 70-үй «Сығанақ» бизнес орталығы, 5-қабат, 508-кабинетте қағаз жүзінде, сондай-ақ электронды тасымалдағыштағы сканерленген нұсқасы түрінде қабылданады.

«Құжатты үшінші тұлға келіп тапсырған жағдайда конкурстық іріктеуге қатысуға құжат тапсыру үшін өкілдің атына берілген үміткерден нотариалды куәландырылған сенімхаттың түпнұсқасы болуы қажет», делінген «Халықаралық бағдарламалар орталығы» хабарламасында.