Хоккей • 28 Тамыз, 2023

«Блинов кубогінде» топ жарды

162 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елорданың «Барыс» хоккей клубы Ресейдің Омбы қаласында ұйым­дас­тырылған «Блинов кубогінде» жеңіске жетті.

«Блинов кубогінде» топ жарды

 

Құрлықтық хоккей лигасының жаңа маусымы алдындағы маңызды турнирде Андрей Скабелка шәкірттері соңғы ойында Нижнекамскінің «Нефтехимик» клубымен шеберлік байқасып, қарсыласын 3:1 есебімен тізе бүктірді. Елордалық клуб сапынан ойындағы үш шайбаны да биылғы маусымда «Барысқа» қайта оралған шабуылшы Роман Старченко соғып, хет-трик авторы атанды.

Осылайша, жерлестеріміз Омбыдағы турнирдің барлық матчында қарсыластарынан басым түсіп, «Блинов кубогінің» бас жүлдесін иеленді. Айта кетейік, «Барыс» ҚХЛ-дің 2023/2024 жылғы маусымындағы алғашқы ойы­нын 2 қыркүйек күні өз айдынында Өфе­нің «Салават Юлаев» командасымен өткізеді.

 

Соңғы жаңалықтар

Наурызнама: Бүгін – Жаңару күні

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Мемлекетшіл жұмыс жалғасады

Саясат • Бүгін, 08:55

Елді еңселендіретін қадам

Пікір • Бүгін, 08:50

Жасампаздық бастауы

Пікір • Бүгін, 08:38

Қоғам өміріндегі өзгеріс

Пікір • Бүгін, 08:33

Дәтке қуат жасанды бүйрек

Медицина • Бүгін, 08:30