Парламент • 27 Тамыз, 2023

Мәжілісмендер өндіріс орындарындағы мәселелерді талқылады

169 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәжіліс депутаттары, Respublica партиясының мүшесі Динара Шүкіжанова мен Динара Наумова Павлодар облысына барып, өндіріс орнының жұмысымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәжілісмендер өндіріс орындарындағы мәселелерді талқылады

Фото: parlam.kz

Мәжілісмендер Павлодардағы ірі жұмыс беруші кәсіпорындарының бірі саналатын «Қазақстан алюминиі» АҚ барды.  Бұл - дайын алюминий өндірісіне қажетті шикізат шығаратын жалғыз зауыт. Жылына 1,4 млн тонна өнім өндіреді. Бүгінгі таңда мұнда 8 мыңға жуық адам еңбек етуде.

Айта кетсек, зауыт өндіретін өнімнің 60 пайызы шетелге жөнелтіледі. Қалған өнім ішкі нарықта қалады. Негізгі тұтынушы – дайын алюминий өндіретін Қазақстан электролиз зауыты.

Мәжіліс депутаты Динара Шүкіжанованың айтуынша, еліміздегі өнеркәсіп саласында ортақ мәселе бар.

«Өндіріс орындарының алдында бірдей кедергілер туындауда. Оның қатарында, отандық өнімді экспорттау, құрал-жабдықтардың шамадан тыс қымбат болуы, кадр тапшылығы сияқты мәселелер бар. Бұл олқылықтардың орнын жүйелі түрде толтыру қажет. Мысалы, көршілес Қытай елінде экспорт субсидияланады. Сол себептен, біздің өндіріс орындардың олармен бәсекелесуі өте қиын. Бұл мәселе бүгін ат басын бұрған «Қазақстан алюминийі» зауытына да тән. Онымен қоса мұнда құрал-жабдықтарды жаңарту қажет екені байқалады», деді Динара Шүкіжанова.