Ауа райы • 26 Тамыз, 2023

27 тамызға арналған ауа райы болжамы

833 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктер 27 тамызға арналған ауа райы  болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

27 тамызға арналған ауа райы болжамы

Синоптиктердің болжауынша, елімізде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады.

«Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, найзағай ойнап, нөсер жаңбыр жауады, қатты жел соғады, бұршақ түседі деп болжанады. Еліміздің солтүстігінде, орталығында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жаууы мүмкін. ҚР солтүстігінде, солтүстік-батысында тұман түссе, оңтүстік-батысында шаңды дауыл тұрады деп күтіледі», делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.

Түркістан, Жамбыл, Қызылорда облыстары, Ақтөбе өңірінің орталығында, батысында, оңтүстігінде,  Атырау облысының батысында, шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Маңғыстаудың солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі. 

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, орталығында өрт қаупі жоғары болады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-батысында, шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі.

Алматы облысының солтүстік жартысында төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстік жартысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысында өрт қаупі жоғары болады, облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады.